Астанада бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтуде

11.04.2015
Астанада бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтуде

Назарбаев Университеті болашақ түлектері үшін жұмыс жәрмеңкесін өткізді. Оған оқу орнының 500-ден астам студенті қатысуда. Олардың 400-і биыл бакалавр, ал, 100-ге жуығы магистр дәрежесін алып шығатындар. Шараға 60-тан аса қазақстандық және шетелдік компания қатысып жатыр. Жұмысқа орналастыру және практикадан өту бойынша мұндай жәрмеңке осымен үшінші рет өткізілуде. Биылғы жәрмеңкеде студенттер халықаралық деңгейлі жұмыс берушілермен кездесіп қана қоймай, кәсіптік дағдыларды дамыту тренингтеріне, сұхбаттасуға мүмкіндік алды. Ал, кімдердің жұмысқа тұруға не тәжірибеден өтуге ұсыныс алғандығы бір аптадан соң белгілі болады.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу