Салық декларациясын 85 мыңнан астам адам тапсырмаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Салық декларациясын 85 мыңнан астам адам тапсырмаған

12.09.2022

Салық декларация тапсыру мерзімінің аяқталуына төрт күн қалды. Дегенмен бүгінге дейін 85 мыңнан астам адам декларация тапсырмаған. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады. Міндетті азаматтар санаты мынадай: мемлекеттік қызметшілер мен жұбайлары, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттілік берілген адамдар мен олардың жұбайлары. Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларациясын ұсынған адамдар биылғы кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсынуы тиіс. Бұл міндеттеме мемлекеттік қызметтен босатылған тұлғаларға және декларация тапсыруға міндетті азаматтар санатынан шыққан тұлғаларға да қатысты. Егер құжат уақытылы тапсырылмаса, алғашында ескерту жасалады. Жағдай бір жыл ішінде қайталанса он бес айлық есептік көрсеткіште айыппұл төлейді.

Айнұр Сартаева, ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары:

2022 жылдың 15 қыркүйегіне дейін ел азаматтары жалпыға бірдей декларациялау аясында кірістері мен мүліктері туралы декларацияны тапсыруы керек. Бұл декларацияны міндетті түрде электронды түрде тапсырылуы шарт. Ол үшін «Е-салық азамат» мобильді қосымшасы арқылы салық төлеушінің кабинеті арқылы тапсыруына мүмкіндік бар.

Хабарламаларға жазылу