Кедендік рәсімдеуден өтпеген 125 автокөлік айыптұрағында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кедендік рәсімдеуден өтпеген 125 автокөлік айыптұрағында

22.08.2022

Ел аумағына тіркелмеген көліктерді уақытша алып келу жиілеген. Грузия мен Әзірбайжан азаматтары бұл көлік құралдарын біздің елдің азаматтарына сенімхатпен береді. Алайда шет ел азаматтары өз көлігін ел аумағына кіргізіп беріп, ауылдарына қайтады. Ал мемлекеттік кірістер комитеті бұл көліктерді кедендік алымдары мен салықтарын төлеген соң ғана қолдануға болатынын ескертеді. Яғни заң бойынша мұндай көліктердің бір жыл ғана ел аумағында жүруіне рұқсат беріледі. Қазір Мемлекеттік кірістер комитеті Полиция департаменттерімен бірлесіп, рейд жүргізуде. Бүгінде кедендік рәсімдеуден өтпеген 125 автокөлік айыптұраққа жеткізілген.

Мағжан Искаков, Мемлекеттік кірістер комитетінің бақылау департаменті саудалық емес айналым басқарма басшысы:
Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан азаматтарыннан тек заңнамаға сәйкес автокөліктерді сатып алуды сұрайды. Алайда алғалы жатқан көлігіңіздің шығу тегіне немесе заңдылығына күмәндансаныз Мемлекеттік кірістер комитетіне 1414 нөміріне байланыс орталығына хабарласуға құқығыныз бар.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу