Бали аралының маңында сүңгуір қайық бортындағы 53 адам түгел қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бали аралының маңында сүңгуір қайық бортындағы 53 адам түгел қаза тапты

26.04.2021

Индонезияның Бали аралының маңында сәрсенбі күні суға кеткен сүңгуір қайық үшке бөлініп қалған. Және де оның бортындағы 53 адамның бәрі қаза тапты. Мұны елдің теңіз күштерінің өкілдері мәлім етті.

Қайықтың жатқан жер жексенбі күні 800 метрден астам тереңдіктен анықталды. Ол жаттығу кезінде құрдымға кетті. Апатқа не себеп болғаны әзірге белгісіз. Субмаринді іздеуге АҚШ, Австралия, Малайзия, Сингапур, Үндістан мамандары жәрдем көрсетті.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу