Камчаткада ұшақ апатынан қаза тапқандардың мәйіттері теңізден табылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Камчаткада ұшақ апатынан қаза тапқандардың мәйіттері теңізден табылып жатыр

07.07.2021

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатына байланысты ресейлік әріптесі Владимир Путинге көңіл айтып, жедел хат жолдады.

«Орны толмас қайғыны бөлісе отырып, Қазақстан халқы мен өз атымнан қаза тапқандардың туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын», - деп жазылған Мемлекет басшысының телеграммасында.

Ресей құтқарушылары Камчаткаға құлаған ұшақтың сынықтарын тапты. Олар ұшу-қону алаңынан 4-5 шақырым қашықтықтағы Палана елді мекенінің маңында жатыр. Ан-26 екінші рет қонуға әрекет жасағанда апатқа ұшыраса керек. Лайнердің бортындағы 28 адам түгел қаза таупы, олардың 19-ның денесі теңізден табылды.

Әуе машинасына иелік еткен компанияның мәлімдеуінше, ұшақ тау қыратына соғылып, қайғылы жағдайға душар болған.

Кеңес одағында жасалған мұндай ұшақтар кейбір елдерде әлі әскери және азаматтық авиацияда пайдаланылып жүр. Олар қолданысқа берілген 50 жылға жуық уақытта ондаған мәрте құлап, талай адам қаза тапты.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу