Елордадағы LRT желісі 2023 жылы пайдалануға берілмек
Елордада құрылысы созылған LRT желісі 2023 жылы пайдалануға берілмек. Жоба қаржыландырылып, құрылыс жанданбақ.
Биылдың өзінде LRT-ға 700 миллион доллар қарастырылған. Ал жалпы жұмысты аяқтау үшін 1 миллиард доллардан астам қаржыны қарызға алу көзделген. Қазір мердігер компания бар. Жобаны жүзеге асыру кестесі жасалған. Оған сай, құрылыс-монтаж жұмыстары 2022-нің соңында аяқталады. Бірақ одан кейін желі тесттік режимде жұмыс істейді. Бәрі дұрыс болса, 2023-те пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.
Айта кетейік, ақшаны жымқыру дерегі бойынша құрылыс 2019-да тоқтатылған еді. Қазір бұл іс бойынша жеті адам сот алдында жауап беріп жатыр. Оларға үкім алдағы сәрсенбіде кесіледі.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Әр үйде отбасы құндылықтары орнығуы қажет»
14.09.2026, 10:40
«Жоғалған есім»: Жаңа отандық телехикая эфирге шығады
14.09.2026, 10:08
Теңізде паром аударылып, 129 адам жоғалып кетті
14.09.2026, 10:06
Мұнай бағасы 3 пайызға жуық қымбаттап, 107 доллардан асты
14.09.2026, 10:06
«Қазақстан халқына» қорынан 220 талапкер білім беру грантына ие болды
14.09.2026, 10:05
ШҚО-да тұмауға шалдыққандар күрт көбейді
14.09.2026, 10:03
Президент Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барды
14.09.2026, 10:02
Президент БРИКС саммитіне қатысты
14.09.2026, 10:00