Алексей Цой отандық QazVac вакцинасын салдырды
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой отандық QazVac вакцинасын елдің алды болып салдырды.
QazVac-ты қолдану ережелері сәл өзге. Мәселен, Спутник V-дің 1 құтысындағы дозаны бірден 5 адамға салу керек болса, отандық екпе 1 адамға ғана арналған. Сақтау талаптары да бір-біріне ұқсамайды. Бізде өндірілген екпені мұздатудың қажеті жоқ. 2-ден 8 градус жылылықта ұстаса жеткілікті. Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаның алғашқы партиясы өңірлерге жетті. Әзірге 50 мың доза. Бұдан соң вакцина өндірісін айына 600 мың дозаға дейін жеткізу жоспарланып отыр.
Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:Өндірісті ұлғайта түсу үшін әртүрлі жолдар қарастырып жатырмыз. Қазір түрік серіктестеріміздің алаңы бар. Сонымен қатар өзіміздің зауыт салынып жатыр. Құрылысы аяқталуға жақын. Құрал-жабдықтарды орнату мәселелері пысықталуда.
Асима Нұрбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«SuperStar KZ»: Кастинг 4-26 сәуір аралығында өтеді
31.03.2026, 20:57
Жаңа модульді робот
31.03.2026, 20:55
Ұлттық құрамалар толық спорттық киіммен қамтылды
31.03.2026, 20:53
Шымкентте жыл басынан бері жол апатынан 6 адам қаза тапты
31.03.2026, 20:17
БҚО-да қоғамдық көлік мектеп автобусына соқтығысып, үш адам ауруханаға түсті
31.03.2026, 20:16
2,5 мыңнан астам қазақстандық студент Таяу Шығыс елдерінде оқып жатыр
31.03.2026, 20:14
Судьялар Жамбылдың жырын оқып жарысты
31.03.2026, 20:12
WSJ: Трамп Таяу Шығыстағы соғысты аяқтауға ниетті
31.03.2026, 20:12