«Ертіс орманы» резерватындағы алапат өрт сөндірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ертіс орманы» резерватындағы алапат өрт сөндірілді

21.04.2021

«Ертіс орманы» резерватындағы алапат өрт сөндірілді. Тілсіз жау 1200 гектар жерді шарпыған. Оның 30 гектары қарағайлы орман аумағы. Негізінен қырдағы құрғақ шөп жанған. Үш күн қатарынан болған өртті тұмшалауға жеке резерват қана емес, Шарбақты ауданы мен облыс орталығынан төтенше жағдайлар қызметінің жеке құрамы мен техникасы жұмылдырылды. Адамдар мен елді мекендер аман. Өрттен болған шығынды Орман шаруашылығы комитеті анықтайтын болады. 

Болат Аманбаев

өрт

Хабарламаларға жазылу