Абай облысы: Өрт кезінде тағы бір техника жанып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай облысы: Өрт кезінде тағы бір техника жанып кетті

12.06.2023

Орман шаруашылығы комитетінің мәліметінше, «Семей орманы» аумағындағы алапат өрт әлі оқшауланған жоқ. Өрт сөндіру кезінде арнайы техника жанып кеткен деген ақпарат бар.

Ержан Жақып, тілші:

Өрт сөндіру кезінде су таситын көлік жанып кеткен. Ол көмекке Қарағанды облысынан келген арнайы техника. ТЖМ ақпараты бойынша автоцистерна Талица елдімекені маңында отқа оранған. Абырой қылғанда адамдар аман. Оқиғаның мән жайы анықталып жатыр.

Ал алапат өрт әлі оқшауланған жоқ. Яғни, оның ауқымы сағат сайын ұлғайып барады. Қазір өрт Бородулиха ауданы төңірегінен Семей қаласы маңындағы ауылдарға жылжыған. Талица елдімекені маңында қарағайдан тараған жалын дала өртіне ұласқан.

Бірақ дер кезінде сөндірілді. Кешеден бері Семей жанындағы бірнеше ауыл тұрғыны қауіпсіз жерге көшірілді. Сондай-ақ қою түтін көлік қозғалысына кедергі келтіріп, Новошүлбі-Шүлбі тас жолы жабылған болатын.


Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу