Павлодар облысындағы «Ертіс орманы» табиғи резерватының аумағы отқа оранды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысындағы «Ертіс орманы» табиғи резерватының аумағы отқа оранды

14.06.2020

Жерімізде орман онсыз да аз, өртенгенін естісек, алаңдап қаламыз. Павлодар облысындағы «Ертіс орманы» табиғи резерватының аумағы кеше отқа оранды. Резарватқа қарасты Шалдай филиалының Галкин шаруашылығында тұтанған өртті мамандар орманға түскен найзағай отынан деп отыр. Қызыл жалын шамамен 140 гектар жерді шарпыған. Оның 30 пайызы – орман алқабы. Өртенген аумақта оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 10 метрге жеткен. 50-ден аса төтенше қызметтің маманы мен МИ-2 тікұшағы арқылы қазір өрт толық сөндірілді. 


Хабарламаларға жазылу