Қазақстанда соңғы бір аптада эпидемиологиялық жағдай жақсарды - Цой
Елімізде эпидемиологиялық ахуал жақсарып келеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.
«Қазақстанда COVID-19-дың оң нәтижесімен 292 250, теріс нәтижесімен 51 890 науқас тіркелді. Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, республика соңғы 22 күн бойы «қызыл» аймақта тұр. Сонымен қатар 8 өңір «қызыл» аймақта. Түркістан мен Қостанай облыстары «жасыл» аймақта, ал қалған өңірлер «сары» аймақта», - деді министр.
Айтуынша, наурызда эпидемиологиялық ахуал нашарлап, науқастану көрсеткіші 46 пайызға дейін артқан еді. Алайда соңғы бір аптада індет жұқтырудың өсу қарқыны 46% -дан 6% -ға дейін төмендеу тенденциясы байқалды. Өткен аптада өлім-жітім көрсеткіші алдыңғы аптамен салыстырғанда 22% -дан 8% -ға дейін төмендеді.
Жалпы, Қазақстан КВИ жұқтыру деректері бойынша әлемде 110-орында, ал өлім-жітім көрсеткіші бойынша 107-орында тұр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:22
Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланыстардың жаңа бағыттары
25.09.2026, 20:18
Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы
25.09.2026, 20:16