Ілеспе құжатты алып тастауды ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ілеспе құжатты алып тастауды ұсынды

14.04.2021

Кәсіпкерлерді тауарға ілеспе құжат дайындаудан босату керек. Шағын және орта бизнес өкілдерінің шағымын ескерген депутаттар осындай ұсыныс айтты. Тауарға ілеспе құжат жасау үшін кәсіпкер компьютермен бірге, сауданың барлық субъектісін қамтитын бағдарлама сатып алуы қажет. Ілеспе құжатты талапқа сай толтыру үшін қосымша кадр – есепші жалдауы керек. Мәселен күніне 200 адамға дейін келетін дүкенде кемінде 4-5 мың тауар сатылады. Ал кәсіпкер осы 5 мыңнан аса тауардың ілеспе құжатын жасап, жүйеге енгізуге тиіс. Бизнес өкілдері де қосымша ауыртпалық жұмысты тежейтінін айтады..

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу