Ақтөбеліктер Мирзоян ескерткішін алып тастауды ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеліктер Мирзоян ескерткішін алып тастауды ұсынды

23.07.2014
Ақтөбеліктер Мирзоян ескерткішін алып тастауды ұсынды

Ақтөбелік ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қаладағы Левон Мирзоян ескерткішін алып тастауды ұсынды. 1933-1937 жылдар аралығында Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық комитетінің 1-ші хатшысы қызметін атқарған кезде ол Алаш азаматтарын аттыруға ықпал еткен.

 Президент мұрағатынан оның 1937 жылы Сталинге қуғын-сүргінге іліккен  адамдардың санын тағы да 1600-ге көбейту туралы  және  Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Әлихан Бөкейхановты ату жазасына кесуге рұқсат сұраған құпия хаты табылды. 

Бұған ашулы ақтөбеліктер қала әкіміне   17 жыл бұрын орнатылған  Мирзоянның тас мүсінін алғызып, оның атындағы көшеге қазақтың үш арысының  бірінің есімін беру қажет, деп ұсыныс жолдады.  Әзір жауап жоқ. 

Алтай Тайжанов, философия ғылымдарының докторы, профессор:

Біз әрекет етуіміз керек. Бұл - біздің аға ұрпақтың міндеті. Саналы міндетті атқаруды сан-саққа жүгіртудің қажеті жоқ. Адам руханият саласында  адасатын болса, ол экономикада да, әлеуметте де, ғылымда да,  өнерде де жетістікке жете алмайды. Міне, Мирзоянның ескерткішін алып тастайық немесе көшені басқаша атайық, деп жүрген істің барлығы осы жағынан алып қарағанда дұрыс.

 

Әлия ТАЛАСОВА

Хабарламаларға жазылу