Мемлекет басшысы Бас мүфтиді қабылдады
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бас мүфтиді қабылдады. Наурызбай қажы Тағанұлы Президентке Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жеті бағыт бойынша атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндады. Пандемия кезінде Оразаны өткізу ерекшеліктері, жасап жатқан қайырымдылық шаралары жайында мәлімет берді. Сондай-ақ елордада Ислам академиясын құру жұмыстарының басталғанын айтты. Бас мүфти Президентке «Муфтият» баспасынан басылған «Тәпсірлердің таңдаулысы» атты Құран тәпсірлерінің қазақ және орыс тілдеріндегі 8 томдық аудармасын табыстады. Ал алғысын білдірген Мемлекет басшысы ел азаматтарын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:Ораза айында өзара сыйластық пен мейірім, ізгілік пен кешірім сияқты асыл қасиеттер дәріптеледі. Жұрт көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, қайырымдылық көрсетуге, сауапты іс атқаруға ұмтылады. Ислам дінінің осындай мызғымас рухани құндылықтары мен жасампаздық әлеуеті қоғамымыздағы бірлік пен ынтымақты одан әрі нығайтуға ықпал етеді. Өкінішке қарай, биыл да Рамазан айы күрделі кезеңде өтетін болды. Жұқпалы дертті ауыздықтау үшін барлық шаралар жасалуда. Еліміздегі мұсылман жамағатын қауіпсіздік талаптарын сақтауға, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұсынымдарын мүлтіксіз орындауға шақырамын. Біз бұл сынақты ауызбіршілік пен жауапкершіліктің арқасында еңсеретініміз сөзсіз. Тұтқан оразаларыңыз қабыл болсын. Елімізге амандық, әр шаңыраққа бақ-береке тілеймін!
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Талдықорғанда оқушылар мен студенттер IT жобаларын ұсынды
20.03.2026, 13:18
Отырар ауданында ақшаңқан киіз үйлер тігілді
20.03.2026, 13:15
Халықаралық ұйым өкілдері Наурыз мейрамымен құттықтады
20.03.2026, 13:12
Мәскеудегі қазақтар жаңа Конституцияға үміт артады
20.03.2026, 13:09
Енді дербес деректерді қорғау күшейтіледі
20.03.2026, 13:03
Алатау қаласына ерекше мәртебе беру туралы заң бірінші оқылымда мақұлданды
20.03.2026, 13:00
Түркия елшісі: Наурыз – түркі әлемін біріктіретін мереке
20.03.2026, 10:01
Жаңа Конституция – ел үшін жаңа дәуір
20.03.2026, 10:00