Павлодарда газ қымбаттады. Сұйытылған отынның бір литрі 15 теңгеге бірақ көтерілген. Газды өңдеп өндіретін Павлодар мұнай химия зауыты газ желілік ұйымдарына өнімді тікелей емес, делдал арқылы беретін болғандықтан баға шарықтап кеткен. Ал, делдал фирмалар қызмет көрсету ақысын 300 пайызға көтеріп жіберді. Мәселені, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті бақылауға алды.
Сұйытылған мұнай газы ішкі нарыққа газ желілік компаниялары арқылы жеткізіледі. Ал, олар қол созым жерде тұрған Мұнай зауытынан тікелей сатып ала алмайды. Делдал фирмалардың қызметіне жүгінеді.
Жадыра Мәкенова, газ сатушы компания директоры:
Бұл жерде бізде келісі 15 теңгеге арзанға түсуші еді. ПНХЗ өзінің аймағында тұрған жаңағы құю бекеттерінен бізге рұқсаты жоқ. Бірнеше жерге хаттарымызды жаздық, өтініште білдірдік.
Бірақ жауап жоқ. Себебі жергілікті билік бұл энергетика министрілігің құзырында деп санайды. Ал, ондағылар жергілікті органдарға сілтейді. Сөйтіп жүргенде мұнай зауытына қарасты газ сорғы стансасын жалға алған қос фирма қызмет құнын 300 есеге көтеріп жіберген.
Қобыланбек Қожин, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің төрағасы:
Жарайды 20,30 пайызға өссін. 300 пайызға қымбаттап кетуін түсінбей отыр. Сондықтан осында ұсыныс болды, бұл газ сорғыш станциясын жыл сайын ПНХЗ ашық түрде барлығына бірдей жариялап арзан баға беретін компанияға беріп, бір жылдық онымен келісім-шартқа отырып жұмыс істеу деген.
Ал, бұған мұнай- химия зауытының өкілі мынандай уәж айтты.
Руслан Кисилев, Павлодар мұнай-химия зауытының өкілі:
Газ сорғы құбыры жалға берілген. Себебі, квазимемлекеттік кәсіпорын ретінде бізге оны ұстап тұру тиімсіз. Ол бізге шығын. Адамдарға еңбекақы төлеу керек. Жарыққа және басқада толып жатқан шығындары бар.
Қазір аймақтағы құю бекеттері газдың литрін 72 теңгеден сатып жатыр. Ал, жақында сұйытылған газ электронды сауда алаңына шығарылмақ. Ол кезде тағы 40 теңгеге қымбаттауы мүмкін. Бұл өндіруші кәсіпорынмен жергілікті атқарушы органдар арасындағы өзара ымыраласудың себебінен бе деген күдік бар.
Назымбек Бекжанов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы:
Біріншіден, тұрғын үй коммуналдық басқармасы газды бөлген кезде видеожазылымдары дауыссыз, не болып жатқаны анық көрінбейді. Кім-кімге қалай бөлу мәселелері естілмейді. Екіншіден, Павлодар мұнай зауыты өзінің делдал фирмасынан пайда көруі мүмкін. Соны біз тексереміз.
Мәселені оңтайлы шешу енді Энергетика министрлігінің құзырында.
Болат Аманбаев