Сегіз томдық Құран аяттары жарыққа шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сегіз томдық Құран аяттары жарыққа шықты

07.04.2021

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйытқысымен Құран аяттары кірген бірнеше аударма кітаптардың таныстырылымы болды. Жиынға қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдерімен бірге бүкіл облыс имамдары онлайн режимде қатысты. Бұл әзірше аз данамен жарыққа шыққан туындылар. Келешекте көп тиражбен жарыққа шығады деген жоспар бар. Кітаптар қазақ және орыс тілдерінде сегіз том болып шыққан. Мақсаты - Құран аяттарын бәріне бірдей түсінікті тілмен жеткізу.

Наурызбай қажы Тағанұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти:
Кейде теріс ағымға кетіп жатқан жерлестеріміз мемлекеттік тіл білмегендіктен басқа тілдерде оқу арқылы теріс ағымдарға кетіп жатқан негіздер бар. Сондықтан біз осылардың барлығын ескере отырып, орыс тіліне де бұл кітапты аударып шықтық. 

Ламбриан Топузидис


Хабарламаларға жазылу