АҚШ-та «Пайғамбарға (с.ғ.с.) махаббат» көрмесі өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та «Пайғамбарға (с.ғ.с.) махаббат» көрмесі өтуде

05.11.2014
АҚШ-та «Пайғамбарға (с.ғ.с.) махаббат» көрмесі өтуде

АҚШ астанасы Вашингтон қаласында ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) құрметіне арналған ислам каллиграфиясы көрмесі ашылды. Шара АҚШ-тағы Түркия елшілігінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылған, деп хабарлайды muslim.kz.

«Көрменің мақсаты – Құран және пайғамбар (с.ғ.с.) хадистері арқылы Ислам құндылықтарын жұртшылыққа жеткізу», – дейді Түркия елшісі Сердар Кылыч.

«Пайғамбарға (с.ғ.с.) махаббат» көрмесінде танамал каллиграф туындылары қойылды. Онда қасиетті Құран аяттары, пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с.) өнегелі өсиеттері, сондай-ақ Алла елшісінің есімдері өрнектелген.

 

Сурет: islam-today.ru

Хабарламаларға жазылу