Сүйіндік ауылында дүлей дауыл тұрып, мектептің шатырын ұшырып әкетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сүйіндік ауылында дүлей дауыл тұрып, мектептің шатырын ұшырып әкетті

06.04.2021

Атырау облысына қарасты Құрманғазы ауданындағы Сүйіндік ауылында дүлей дауыл тұрып, мектептің шатырын ұшырып әкетті.

Жергілікті әкімдік желдің жылдамдығы секундына 65 метр жылдамдықпен соғып жатқанын айтады. Оқыс оқиға сағат 6-ға таман болған. 624 орынға арналған мектеп 1984 жылы салынған. 2014 жылы күрделі жөндеуден өткен. Шығын әлі есептелмеді. Зардап шеккендер жоқ. Шатыр ұшқан уақытта білім ордасында оқушылар болмаған.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу