Қыркүйекке дейін 10 миллиондай адамға вакцина салу жоспарланып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қыркүйекке дейін 10 миллиондай адамға вакцина салу жоспарланып отыр

06.04.2021

Сәуірде елге 2 млн екпе жеткізілуі керек. Сөйтіп, 2,3 млн тұрғынға вакцина салу жоспарланып отыр. Ал, бірінші жарты жылдықта халықты препараттың 6 млн дозасымен қамту мақсаты тұр. Бүгін Үкімет отырысында коронавирусқа қарсы күрес шаралары пысықталды. 

Эпидахуал нашар. Індеттің індеуіне жаңа штамдар әсер етіп отыр. Британиялық түрінен ауруханаға түсіп жатқандар көп. Ал, бразилиялық вирус баудай түсірмесе де, тез тарайды. Осы күнге дейін елде 257 мыңдай адам КОВИД-пен, 839 адам пневмониямен ауырған.

Өткен айлармен салыстырғанда вирустың қарқыны қатты. 5 күнде 10 мыңға жуық науқас тіркелген. Инфекцияның репродуктивтілік көрсеткіші 1,16-ға жеткен. Қатерлі деген сөз. Вахталық әдіспен жұмыс істейтін Атырау да жағдай мәз емес.

Ковидпен күреске елде 28 мың 700-ден төсек орнымен, 275 инфекциялық стационар сақадай-сай. Оларда қазір 10 мыңнан аса науқас жатыр. Реанимациялар 22%-ға толы. Емдеу мекемеклеріндегі төсек қоры электронды жүйе арықылы министрлікпен бақыланады. Бірақ, ауырмаудың жолы – вакцина алу.

Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:
Осы айда Алматы қаласына 464 мың, Нұр-Сұлтан қаласына 284 мың, Шымкент қаласына 172 мың, Алматы облысына 232 мың және Қарағанды облысына 217 мың вакцина бөлу туралы шешім қабылдадық.

Бұл бер жағы ғана. Президент Үкіметті індетпен күрестегі дәрменсіздігі Үшін сынаған. 6 күнде мін түзеліп, нәтижелі жұмыс көріне бастады.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:
Осы бағытта нақты жұмыс ұйымдастырылды. Министрлік вакцинациялау бойынша жоспар әзірледі. Биылғы сәуір, мамыр және маусым айлар аралығында өңірлерде ай сайын 2 млн адамға вакцина алу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.

Қыркүйекке дейін 10 миллиондай адамға вакцина салу жоспарланған. Демек, әкімдер қазірден қамданғаны дұрыс. Бұны Денсаулық сақтау министрі қадап айтты.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
Облыс және Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары әкімдері ширауы керек. Қоғамдық орындарда уақытша егу пунктері болуы тиіс. Вакцинаны арнайы топтың аралап салуы да көзделген. Яғни, жылжымалы егу бекеттерін ұйымдастыру үшін тоңазытқыш жабдығы мен термоконтейнермен жарақтануы қажет.

Вакцина алғандарды бақылап және оларды есепке алу үшін «антиковидтік паспорт» әзірленді.

Нысаналы Ығыл, тілші:
Ауруханаларда дәрі-дәрмектің 1 айлық, ал, СК «Фармация» қоймаларында 2 айлық қоры бар. Барлық өңірде 18 млрд теңге көлемінде препараттарға арналған тұрақтандыру қоры құрылған. Тамыздан бастап емдеу мекемелері мен дәріханалар жүктемесін азайту үшін дәрінің 5 түрі тегін берілмек.

 Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу