Түркияда коронавирусқа қарсы вакцина алғаш рет адамға егілді

02.10.2020

Түркияда коронавирусқа қарсы вакцина алғаш рет адамға салынды. Ыстамбұл қаласында тұратын 53 жастағы медицина қызметкері вакцинаны ерікті түрде салуға келіскен. Қазір Жеррахпаша медициналық университетінде еріктінің денсаулығы бақылауға алынып, қан сынамалары мен басқа да бірқатар медициналық зерттеулер жүріп жатыр. Бұл препарат - Қытайда жасалып, Түркияда сынамалары жүргізілген алғашқы екпе. Егер вакцина тиісті нәтиже беріп, коронавирустан қорғайтыны анықталса, бұл екпені жаппай салу жоспарланып отыр.

Фэхми Табак, Жеррахпаша медициналық факультеті, жұқпалы аурулар департаментінің директоры:
Еріктіге ең алғашқы екпені салдық. Егер тиімділігі 50 пайыздан асса, бұл екпе әсерлі деген сґз. Содан үміт етіп отырмыз. Оның үстіне вирус жұқтырғандардың 97 пайызы жазылып шығып жатыр. Яғни, иммунитет бұл аурумен күресуге қауқарлы.

Айдош Әшім

Түркия коронавирус вакцина

Хабарламаларға жазылу