Алматыда бір млн адамға вакцина салу жоспарланып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда бір млн адамға вакцина салу жоспарланып отыр

09.04.2021

Елордада 1 айда 600 мың, ал Алматыда 1 млн адамның екпе алуына жағдай жасалады. Бүгін баспасөз алаңында қос мегаполистің денсаулық сақтау мамандары есеп берді. Дәл қазір тілшіміз Раушан Сайлауқызы бізбен байланыста. 

Раушан Сайлауқызы, тілші: 
Қазір қос қалада екпе егу пунктерінің саны артқан. Елордадағы медициналық мекемелермен қоса, сауда ойын сауық орталықтарында әзірлік басталды. Оның бірі  «MEGA Silk Way» орталығы. Онда екпе егу 12 сәуірден басталады. Мұнда бірнеше бригада ауысыммен жұмыс істейді. Бұдан соң Ханшатыр орталығында екпе егу шаралары ұйымдастырылмақ. Тұрғындар eGov порталы арқылы тіркелген клиникасына жазылуға мүмкіндік бар. Қазір қаладағы эпидахуал тұрақсыз. Күніне 430 жаңа жағдай тіркелуде. Бұл өткен жылғы шілдемен салыстырғанда 3 есе көп. 1000-ға науқас стационарда жатыр. 95-і ауыр халде.
Тимур Мұратов, Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
Бүгінге дейін елордада 22500 адам екпе салдырған. Медицианлық мамандар, мұғалімдер, құқық қорғау органдар, дипломатиялық мамандар. Қарсы көрсетілім байқалмады деп отыр. Осы аптада екпеге алдын ала жазылу арқылы салынуда.
Раушан Сайлауқызы, тілші:
Сондай-ақ мамандар ауыз бекіткендер екпені кейінге шегерген дұрыс деп кеңес берді. Бұған қарсы көрсетілім жоқ, бірақ иммунитет әлсіреген шақта абайлаған жөн. Ал Алматыдағы эпидемиологиялық ахуал мәз емес. Өткен тәуліктің өзінде 717 адамнан вирус анықталған. Мамандар мұны мутацияланған штамдармен байланыстырып отыр. Жалпы, бір айдың ішінде шамамен 1 млн адамға екпе салу жоспарланған. Қазір 200-ге жауық егу пунктері әзірленген. Оның қатарында сауда үйлері мен республика сарайы да бар. Сондай-ақ алыс аудандарға жылжымалы екпе егу мобилді бригадалар ұйымдастырылмақ.

Раушан Сайлауқызы

вакцина коронавирус

Хабарламаларға жазылу