Алматыда 5 жасар баланың үстіне футбол қақпасы құлап кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 5 жасар баланың үстіне футбол қақпасы құлап кетті

06.04.2021

Алматыда үстіне футбол қақпасы құлаған 5 жасар бала жансақтау бөлімінде жатыр. Роман Носаченконың ата-анасы қайғылы жағдайға спорт алаңын салған мердігер мекемені кінәлап отыр. 2016 жылы салынған қақпалар дұрыс орнатылмаған. Не жерге, не қоршауға бекітілмеген.

Әкесінің сөзінше, кешкісін ойнауға алып шыққан баласының үстіне темір қақпа құлап, белін басып қалған. Салдарынан әртүрлі дене жарақатын алып, бүлдіршін ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер балақайдың аяғының бірнеше жерден сынғанын, жүрегіне, миына және өкпесіне зақым келгенін айтып отыр. 

Антон Носаченко, әкесі:
Біз бұған кінәлілерді тауып, жауапқа тартылғанын қалаймыз. Бұл алаңды кім қабылдап, бекітілмеген күйде қалай пайдалануға берген? Біз полициямен де, өзіміз де тексердік. Қақпаны бекітпеген. Оңай аударыла салады. Біз мұндай салғырттықтың қайталанбағанын, балалардың жарақат алып, қайғылы жағдайға ұшырамағанын қалаймыз.

Жазира Оразқызы

алматы

Хабарламаларға жазылу