Басты Жаңалықтар Қазақстанда 28 мыңға жуық адам коронавирустан емделіп жатыр

Қазақстанда 28 мыңға жуық адам коронавирустан емделіп жатыр

Қазақстанда 28 мыңға жуық адам коронавирустан емделіп жатыр

Өткен тәулікте коронавирустан 18 адам көз жұмды. 1921 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 255028-ге жеттi. 

Соңғы тәулікте 1421 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 225256. Қайтыс болғандар - 3110.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 27 836 адам ем қабылдап жатыр. 452 науқастың жағдайы ауыр.

Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 17 адам дертке шалдығып, 2 өлім жағдайы тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 50832 адамға пневмония диагнозы қойылды. 48956 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 702.

Ал бүгінде ел бойынша КВИ-ге қарсы вакцина алғандар саны 174269-ға жетті.

Бөлісу