Алматыда азық-түлікке шекті баға белгіленіп жатыр
Алматыда жұмыртқаға шекті баға белгіленді. Оның бірінші санаттағы 10 данасы үшін сатушылар енді 487 теңгеден артық баға белгілемеуі керек. Тиісті қаулы осы айдың аяғына дейін жарамды. Баға өнімнің нарықтағы құнына сай, кәсіпкерлер шығынға батпайтындай белгіленіп отыр. Нұр-Сұлтанда да әлеуметтік тауардың 19 түрі бойынша ірі сауда орындарымен келісім жасалды. Ондағылар жұрт көп тұтынатын азық-түліктің көтерме бағасына небары 10 пайыз қосып, сата алады. Бұл тауар құнын тұрақтандырып, қымбатшылықты болдырмауы тиіс. Ережеге бағынбағандар айыппұл арқалайды.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Тұрғын үйді міндетті сақтандыру»: Талаптары қандай?
27.09.2026, 20:25
Халық кеңесіне қандай міндет жүктелді?
27.09.2026, 20:10
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында болған оқиғаға қатаң баға берді
27.09.2026, 20:05
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18