Су тасқынының алдын алу жұмыстары кешінді жүргізіліп жатыр
Ал төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері елімізде 276 елді мекенді су басу қауіпі бар деп отыр. Олар Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қызылорда, Шығыс, Батыс, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында орналасқан. Бірақ су тасқынының алдын алу мен дайындық жұмыстары кешенді жүргізіліп жатыр. Ведомство өкілдері әзір ел аумағының 69 пайызын қар басып жатыр деп отыр. Өткен жылы өңірлерде қажетті бөгеттер салынып, қауіпті өзен арналары тереңдетілген. Тиісті жұмыстар мен зардап шеккен халықты эвакуациялау үшін 1863 техника мен 3 мың тоннадан астам жанар-жағармай қоры дайын.
Бексұлтан-Әли Рахымбаев, ҚР ТЖМ төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің бас маманы:
Су тасқыны аз өңірлерден жеке құрамды жасақтау жұмыстары жүргізіліп отыр. Қазіргі уақытта соның құрамына 1 047 адам, 121 бірлік техника, 47 жүзу құралы және 127 мотопомпалар құрастырылды.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:22
Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланыстардың жаңа бағыттары
25.09.2026, 20:18
Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы
25.09.2026, 20:16