Ертіс өзені үстінен салынатын жаңа көпірдің құрылысы басталғанда үш мың ағаш кесілмек. Бұған павлодарлық экологтар үзілді-кесілді қарсы. Ал, жоба авторлары табиғатқа зиян келтірмеу үшін шығынды 5 есе артығымен өтеуге уәде беріп отыр. Яғни, шабылған 1 ағаштың орнына 5 ағаш екпек.
Болат Аманбаев, тілші:
Аймақта Ертіс өзені үстінен салынған үш көпір бар. Ең көнесі осы. Келесі жылы 60 жыл болады. Қазір бұнда жұк көліктерінің жүруіне тиым салынған.Олар қалаға айналма көпір арқылы кіреді.
Автокөлікке арналған көпірдің апатты жағдайда екендігін дәлелдеу үшін Нұр-Сұлтан қаласында үш рет ғылыми-техникалық кеңес өткізілді. Көрші мемлекеттерден арнайы мамандар шақырылды. Бәрі бірауыздан жаңа көпір қажет-деп шешкен.
Талғат Қайратқан,«Жол активтері ұлттық сапа орталығы» облыстық филиалының директоры:
Арнайы сүнгуірлер осы көпірдің тіреулерінің астына түсіп, жаңағы қадаларының бәрінің жарықтары бар екенгдігін, сонымен қатар темір құрылымдарының барлық шіріктері барын анықтады.
Заманауи жаңа көпір салуға жергілікті билік республикадық бюджеттен 38 млрд теңге қаржы сұрап отыр. Ал, экологтар жобаның қоршаған ортаға тигізер кесірі бар дейді. Аймаққа ресми сапармен келген Экология министрінің орынбасарына мәселені тағы бір қарау керек деген ұсыныс айтылды
Светлана Могилюк, эколог:
Қазіргі уақытта оталады деп отырған 23 гектар тоғай аумағы, бастапқы жобада 5 гектар деп көрсетілген болатын. Ол деген 4 есе кем. Сонымен қатар шабылған ағаштардың орнын толтыруға арналған қаржы көлемі өте аз. Көпір керек, бірақ табиғатқа зиян келетінін неге ескермейміз.
Бұл ғана емес, биыл Павлодардың шығыс қақпасын айналдыра салатын жол құрылысы басталмақ. Онда да 20 мың түп ағаш кесіледі.
Ақылбек Қабылдин, «ҚазАвтоЖол» АҚ облыстық филиалының директоры:
Кесілген ағаштардың орнын толтыру үшін біз 1 ағаштың орнына 5 ағаш егетін боламыз. Ол қалалық әкімдік қай жерді көрсетеді, сол жерге егілетін болады.
Сонымен биыл қала аумағында 90 мыңнан аса ағаш егілмек. Бірақ бұлда мүмкін емес,дейді экологтар. Себебі, осыншама көлемде көшет табу қиын, ал, табылған күнде оны отырғызатын бос жер жоқ екен. Жаңа көпір екі жыл ішінде салынып бітеді. Қоғамдық тыңдау кезінде көпшілік құрылысты қолдады.
Болат Аманбаев