Жезқазғанда «70 игі іс» жобасы жүзеге асады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жезқазғанда «70 игі іс» жобасы жүзеге асады

16.03.2021

Жезқазғанда ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және мысты қаланың 70 жылдық мерейтойы қарсаңында «70 игі іс» жобасы іске аспақ. Жұмыс 6 бағыт бойынша үш жылға жоспарланған. Соның алғашқысы тұрғындарды баспанамен қамту. Бүгінде Кеңгір өзенінің жағалауында жаңа ықшам аудан салынып жатыр. Алғашқы 70 пәтерлі үй Наурыз мерекесінде аз қамтылған отбасыларға берілмек. Сондай-ақ биыл жаңадан ашылған дарынды балалар мектебі жанынан 200 орындық жатақхана, бірнеше балабақша салынады. Ал келер жылы окологиялық аурухана пайдалануға берілмек. Өнеркәсіптік реагенттер өндіретін зауыт, қара мыс концентратын өндіретін зауыт және құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорын биыл іске қосылады.

Зина Ақылбекова, Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары:
Бұл жоба бекітілген. Бірінші талдау жұмыстарынан өткен. Депутаттардың алдында, қоғамдық тыңдауларда талқыланып, қазіргі таңда мақұлданған. 2021 жылға қаражаттары барлығы қарастырылып, бөлінген. Ал енді бұл жұмыстардың барлығы 2024 жылы желтоқсан айында бітеді деп жоспарлап отырмыз.

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу