Депутат: Қорлардың әкімшілік шығындары ашық болуы тиіс
Бас-басына 19 миллион теңге! Әлеуметтік-медициналық сақтандыру қоры басшыларының қаржылай сыйақасы депутаттың ашуын туғызды. Мәжілісмен мұндай шектен тыс шығындар болмауы керектігін айтып, Үкіметке сауал жолдады. Айтуынша бюджеттен тыс қорлардың кіріс-шығысы Есеп комитетінің бақылауынан тыс қалған. Сондықтан олардың қаржылық операциялары ашық болуы үшін арнайы стандарттар бекітіліп, еңбекақы мен әкімшілік шығыстар көлемі көрсетілуі тиіс екенін айтып отыр. Әйтпесе, әр адам жалақысының екі пайызын аударатын қордағы қаржы мақсатсыз жұмсалып жатыр дейді.
Аманжан Жамалов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:Мәселен, 2019 жылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының әкімшілік шығыстары 5,8 млрд теңгеден асқан. Жалақы төлеуге 4,4 млрд теңге жұмсалған. Егер қордың барлық 850 қызметкеріне бөлсек, әрқайсысына айына 434 мың теңгеден келеді. Бұл елдегі орташа жалақыдан екі есе жоғары. Әрі қор басқармасының төрт мүшесіне шамамен 77 млн теңге, яғни әрқайсысына 19 млн теңгеден сыйақы төленген.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тау туризмі: «Oi-Qaragai» курорты кеңейіп жатыр
29.09.2026, 20:58
Almaty SuperSki жобасы табиғатқа зиян келтірмейді
29.09.2026, 20:56
Непалда тасқын кезінде жоғалып кеткендер әлі табылған жоқ
29.09.2026, 20:54
KazHackStan 2026: Астанада киберқауіпсіздік мәселелері талқылануда
29.09.2026, 20:53
1 қазаннан бастап онлайн несие рәсімдеу тәртібі өзгереді
29.09.2026, 20:06
БҚО-да шаруалар мемлекет қолдауымен кәсібін дөңгелетіп отыр
29.09.2026, 20:05
Елде Ұлттық гидрогеологиялық қызмет орталығы құрылды
29.09.2026, 20:04
Егін науқаны аяқталуға жақын
29.09.2026, 20:03