236 келі марал мүйізін ұрлаған ШҚО тұрғыны ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

236 келі марал мүйізін ұрлаған ШҚО тұрғыны ұсталды

05.03.2021

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны марал мүйіздерін ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Ол Қызыл кітапқа кірген жануардың 236 келі мүйізін былтыр Зайсан қаласындағы серіктестік аумағынан жымқырып кеткен. Полиция ұрыны Алматы қаласында ұстады. Ол 23 жастағы Зайсан ауданының тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта айғақ заттар тәркіленді. Тергеу жалғасуда.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу