Қызылордада төлем терминалдарын тонаған ұры ұсталды
Қызылордада төлем терминалдарын ұрлаған әккі ұры ұсталды. Ол дүкендер мен дәріханаларда орналасқан қондырғыларды асқан құйтырқы әрекетпен қолды қылып келген. Оңай ақша табуды көздеген Түркістан облысының 31 жастағы тұрғыны болып шықты. Ұрының «терминалдарға сервистік қызмет көрсетем» дегеніне сеніп қалған күзетшілер тіпті көлікке дейін көтерісіп салып та жіберген. Осылайша үш қондырғыны ұрлаған азамат кезекті жорығында полицияның құрығына түсті. Қылмысын мойындаған күдікті қазір уақытша қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүріп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейге адыраспан апарғандар өмір бойғы жазаға кесілуі мүмкін
12.02.2026, 13:18
UAE SWAT Challenge: Қазақстан құрамасы жеңіске жетті
12.02.2026, 13:15
Жаркент мешітіне келетін туристер көбейді
12.02.2026, 13:12
Қарағанды облысында 10 мектептің құрылысы аяқталған
12.02.2026, 13:09
Ресей халқының несие қарызы ₽1,65 триллионға жетті
12.02.2026, 13:06
Түркістан облысында алимент төлеушілердің мәселесі талқыланды
12.02.2026, 13:03
Жаңа Конституция жобасы: Әр бапқа жүзден аса ұсыныс түскен
12.02.2026, 13:00
Былтыр Италияға 185 млн турист келген
12.02.2026, 10:33