Қызылорда облысында киік атқан браконьерлер ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында киік атқан браконьерлер ұсталды

20.10.2022

Қызылорда облысында ақбөкен атып, еті мен мүйізін сатумен айналысатын қаскөйлер ұсталды. Көптен бері ізін суытып жүрген әккі браконьерлерді полиция арнайы операция барысында қолға түсірді.

Қылмыстық топ құрып, дала жануарына қырғидай тиген облыстың үш тұрғыны уақытша ұстау абақтысына қамалды. Күдіктілердің үйін тінту барысында 53 бас киіктің өлі денесі, 12 мүйіз, тіркеуде жоқ аңшы мылтығы мен жол талғамайтын екі автокөлік айғақ зат ретінде алынған. Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Әділбек Серікұлы


Хабарламаларға жазылу