Қостанай – Әулиекөл тас жолының бойында 7 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай – Әулиекөл тас жолының бойында 7 адам қаза тапты

03.03.2021

Қостанай – Әулиекөл тас жолының бойында жан түршігерлік жол апатынан 7 адам қаза тапты. Қайғылы оқиға кеше кешкілік, Новонежин және Лаврентьев ауылдарының арасында болған. Полиция қызметкерлері апатқа себепші Қостанай қаласы жақтан келе жатқан 

Lexus-тың жүргізушісі екенін айтады. Ол жүк көлігін басып озбақ боп қарсы бағытқа шыққанда, өз жолағымен келе жатқан Mitsubishi-ді бетбе-бет кеп соққан. Қатты соққыдан екі көлік те мыжылып қалыпты. Қазір осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Виталий Цой, Облыстық ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары: 
Жол апаты жарық уақытта болған. Күн ашық, жол тегіс, тайғақ емес. Яғни апат Lexus жүргізушінің қауіптің жоғына әбден көз жеткізіп алмай қарсы бағытқа шыққандығынан болып тұр. Жол қателікті кешірмейді. Біз жүргізушілерді барынша мұқият әрі жауапты болуға шақырамыз. 


Хабарламаларға жазылу