Жамбыл облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты

23.09.2021

Жамбыл облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты. Оқиға бүгін таңғы сағат 6 шамасында «Алматы-Ташкент» тас жолында болды. Жантүршігерлік жол апаты жайлы аймақтағы әріптесім Данияр Асқарұлы баяндасын

Данияр Асқарұлы, тілші:
Жантүршігерлік жол апаты Байзақ ауданы аумағынан өтетін үлкен күре жолдың бойында болып отыр. Алматы-Ташкент тас жолының 476 шақырымында Audi-А4 және Toyota Camry маркалы екі көлік қатты соқтығысқан. Бейнекөріністен байқағанымыздай автокөліктер қарсы бетке шығып кетіп қақтығысқан. Өкінішке орай 6 адам оқиға орнында жан тапсырған. "Toyota Camry" автокөлігіндегі жарақат алған Нұр-Сұлтан қаласының екі тұрғыны ауруханаға жеткізілген. Қолда бар ақпаратқа сүйенсек марқұм болған екі жүргізуші мен жолаушылар Тараз қаласының тұрғындары екені анықталды.
Темірбек Оразымбетов, Жамбыл облыстық ПД басшысының орынбасары:
 Жалпы Жамбыл облысында соңғы 8 айда осындай жол апаттарынан 139 адам қаза тапты. 1000-нан аса адам ауыр жарақат алған.


Хабарламаларға жазылу