Ауа райына байланысты 11 учаскеде жол жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауа райына байланысты 11 учаскеде жол жабылды

07.02.2020
Ауа райына байланысты 11 учаскеде жол жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 11 тасжолда көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, бүгінгі таңда мына автожолдар жабық: 

1. Екатеринбург-Алматы жолының 856-917 шақырымында (СҚО – Жақсы);  

2. Жезқазған-Петропавл жолының 377-569 шақырымында (Қостанай обл – Знаменка);

3. Қостанай-Әулиекөл-Сұрған жолының 232-260 шақырымында (Қостанай обл.- Сұрған); 

4. Щучинск-Зеренді тасжолы;

5. Көкшетау-Атбасар жолының 107-184 шақырымында (Балкашино- Атбасар); 

6. Қандыағаш-Ембі тасжолы; 

7. Қарағанды-Аягөз-Бұғаз жолының 447-941 шақырымында (Малкелді – Бұғаз); 

8. Қостанай-Әулиекөл-Сұрған жолының 108-232 шықырымында (Әулиекөл - Ақмола обл); 

9. Жезқазған-Петропавл жолының 340-377 шақырымында (Арқалык-Ақмола обл); 

10. Екатеринбург-Алматы жолының 835-856 шақырымында (Чистополье-Ақмола обл);

11. Тимирязево-Қостанай обл. тасжолы;

Республикадағы тасжолдарда 740 арнайы техника жұмыс істеп жүр. Барлық сұрақтар бойынша 1403 нөміріндегі байланыс орталығына хабарласуға болады.


Хабарламаларға жазылу