Атырауда көпқабатты тұрғын үй өртенді
Атырауда көпқабатты үйдің төртінші қабаты отқа оранып, 10 адам құтқарылды. Оның жетеуі - бала. Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер төртінші және бесінші қабаттағы тұрғындарды дереу сыртқа шығарды. Өйткені, төртінші қабаттан басталған өрт бесінші қабаттағы пәтерге де кауіп төндірген. Түтінге тұншыға жаздаған тұрғындардың барлығына тез арада дәрігерлік көмек көрсетілді. Тілсіз жаудың салдарынан үйдегі тұрмыстық заттардың барлығы күлге айналған. Әзірге өрттің неден, қалай тұтанғаны белгісіз.
Абдулғаппар Жұманов, ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстар қызметі» ММ бастығы:
- Қызметкерлердің бір бөлігі құтқарумен, қалған бөлігі өртті сөндірумен айналысты. Жедел түрде жұмыс атқарғандықтан, адам шығыны жоқ.
Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:22
Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланыстардың жаңа бағыттары
25.09.2026, 20:18
Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы
25.09.2026, 20:16