Мамин ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін ұлғайтуды тапсырды
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін 1,3 есеге ұлғайту керек. Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин осылай деді.
«Бұл ретте 2023 жылға қарай ішкі нарықты әлеуметтік маңызы бар негізгі азық-түлік тауарлары бойынша отандық өніммен 100% молықтыру қамтамасыз етіледі. Әкімдер негізгі азық-түліктің бағасын тұрақтандыруды бақылауға алуы, өңірлерде тұрақтандыру қорларын құру тәсілдерін қайта қарауы, азық-түлікті форвардтық сатып алу механизімін кеңінен пайдалануға назар аударуы қажет», - деді ол.
Айтуынша, осы бағытта Шығыс Қазақстан, Ақмола және Қызылорда облыстарында тиімді жұмыс ұйымдастырылған. Бұл өңірлерде бағалардың ең төменгі өсуі байқалады.
«Сонымен бірге Қостанай, Маңғыстау және Жамбыл облыстарында бағалардың ең жоғары өсуі тіркелді. Біздің басты мақсатымыз – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету»,- деді Үкімет басшысы.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық спорттағы ұлы жеңіс
12.09.2026, 20:17
Қазақ өнерінің жарқын жұлдыздарына құрмет көрсетілді
12.09.2026, 20:15
Алматыда «Ақбала» балетінің премьерасы өтті
12.09.2026, 20:13
Өнерлі әулет туындыларын ұлттық нақышпен ұштастырып отыр
12.09.2026, 20:11
Қызылордалық суретші шыныдан картина салады
12.09.2026, 20:09
Сауд Арабиясында негізгі мұнай құбыры жабылды
12.09.2026, 20:07
Ресейдің 20 өңірінде орман өрті дес бермей тұр
12.09.2026, 20:07
Түркістан облысында 1,16 млн гектар жер суарылды
12.09.2026, 20:06