Алматыда «Адем» сауда орталығының жанындағы қоймалар өртеніп кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Адем» сауда орталығының жанындағы қоймалар өртеніп кетті

02.11.2018

Алматыда «Адем» сауда орталығының жанындағы қоймалар өртеніп кетті. Әзірге тілсіз жаудың неден тұтанғандығы белгісіз. Алдын ала мәліметке сүйенсек, от 3 мың шаршы метр аумақты шарпыған. Қызыл жалынды өшіруге 21 техника, 6 өрт сөндіру көлігі, 78 адам жұмылдырылды. Өрт сөндірушілердің жедел әрі шапшаң әрекетінің арқасында жалын жапсарлас қоймаларға жеткен жоқ. 

Сандуғаш Баймұхамбетова, қалалық ТЖД баспасөз хатшысы:

- Бүгін 2018 жылы 1 қарашада 13 сағат 41 минутта Алматы қаласы Төтенше жағдай департаментінің пультіне қоймалар жанып жатыр деген ақпарат түскен еді. 15 сағат 05 минутта от оқшауланды. Зардап шеккендер жоқ. Оттың не себептен болғаны анықталуда.

 

Руслан ҚОСАНОВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу