Қарағандыда көлігімен адам қаққан жүргізуші оқиға орнынан ізін жасырмақшы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда көлігімен адам қаққан жүргізуші оқиға орнынан ізін жасырмақшы болды

18.06.2018

Оның жылдамдықты шектен тыс асырғаны сонша жол жиегінде тұрған адамды көрмей қалған. Дмитрий есімді азамат сол жерде тіл тартпай кеткен. Алғашында көлік жүргізушісі машинадан шыққан. Санаулы минуттарда куәгерлер келіп оған сұрау салған. Кейін барлығы жерде жатқан адамға жәрдемдеспекші болған сәтте кінәлі өз көлігінің номерін жұлып алып, тайып тұрған. Марқұмның достары бұзақыны тауып беруін өтініп әлеуметтік желіге жазды. Полицейлер жүгенсіз жүргізушіні ертесінде қолға түсіріп, үстінен қылмыстық іс қозғады. 

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу