Алматы облысында адам қаққан көлік жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен
Алматы облысында жаяу жүргіншіні қаққан көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетті. Өкінішке қарай зардап шеккен азамат тілге келместен қайтыс болды.
Оқыс оқиға кеше кешкісін Талғар қаласында болды. Қаза тапқан 19 жастағы азамат жол жиегімен кетіп бара жатқан. Кенет артынан қатты жылдамдықпен жүйіткіген көлік қағып, тоқтамаған күйі қашып кеткен. Жеңіл көліктің сынған бөлшектері қала көшелерінің бірінен табылды. Күдікті бүгін ұсталды. Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345 және 347 бабымен екі қылмыстық іс қозғалды.
Ернар Сайдилдин, Алматы облыстық ПД ресми өкілі:
Аталған жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайы объективті зерттеуге жіберілді. Тергеу жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06