Алматылық тұрғын 4 жасар баласын көлік қағып кеткенін әлеуметтік желіден көрген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылық тұрғын 4 жасар баласын көлік қағып кеткенін әлеуметтік желіден көрген

16.07.2018

Алайда, жүргізуші оны ағаш түбіне тастап, оқиға орнынан ізін суытқан. Қазір іздестіріліп жатыр. Баланың әкесі Мұраттың сөзінше, түске жақын сағат 11:00 кезінде үйінен шығып, «Малая станицаға» жұмысына барған. Алайда, ол артынан ерген баласын байқамапты. Кейін әлеуметтік желілерде баланы көлік қақты деген хабарламаны көрген. Сөйтіп, баласын бірден таныған. Қазір оқиға болған жер қоршауға алынды.

Мұрат Асқароғлы, баланың әкесі:

- Қазір балама дәрігерлер операция жасады. Жағдайы жақсарды. Әйтеуір, аман қалғаны үшін қуаныштымын. Енді қаққан жүргізушіні табуға оқиғаны көрген куәгерлер болса, көмектессеңіздер. Сіздерден өтініш. Полицияға арыздандым. Себебі, мұны бұлай қалдыруға болмайды. Ол бәрібір жазасын алуы тиіс.

 

Алмат ӘБДІРАМАН

Хабарламаларға жазылу