СҚО-да бораннан 18 ауыл жарықсыз қалды
Солтүстік Қазақстанда боранда адасып кеткен 5 адам табылды. Бұған қоса, кеше түнде өңірдегі 9 аудандағы 18 ауылда жарық өшіп қалған. Әзірге тек үш ауылда ғана қалпына келтірілді дейді төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері. Сондай-ақ кеше кешкісін боранның кесірінен жолда қалған 200-ден астам көлікті полиция патрулі колонна құрып, баратын жерлеріне жеткізді. Қазіргі кезде өңірде барлық бағыттағы жолдар жабық.
Мұрат Қанғожинов, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:Жалпы кешеден бері облыста 145 адам құтқарылды, олардың 2-еуі бала. 166 адамды эвакуациялап, жылыту орындарына жеткіздік. Қарға батқан 55 автокөлік шығарылды. Жалпы жолдарда қазір төтенше жағдайлар қызметі бар, полиция және жергілікті атқарушы биілік органдарынан 223 адам жұмыс істеп жатыр.
Ақмола облысында боранда жолда қалған 40 адам қауіпсіз жерлерге жеткізілді. Олар уақытша жылыну бекеттеріне орналастырылды. Көбі жолдардың жабылуына байланысты сапарларын тоқтатуға мәжбүр болғандар. Қар құрсауында қалғандар да болды. Облыста бүгінде бірнеше бағыт бойынша жолдар жабық.
Сағындық Сәбитұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Astana AI Film Festival байқауының жеңімпаздары анықталды
03.10.2026, 22:59
Жүлде қоры 100 мың доллар: Astana Hub Battle 2026 жеңімпаздары белгілі болды
03.10.2026, 22:49
Дінаралық диалог өзегі – гуманитарлық ынтымақтастық
03.10.2026, 19:48
Digital Bridge: Дәрігердің көмегіне онлайн жүгінуге болады
03.10.2026, 19:19
Almaty Superski жобасы аясында 2 мың шырша отырғызылды
03.10.2026, 19:09
Соңғы 7 жылда Қазақстанның ЖІӨ-і 29 пайызға артты
03.10.2026, 19:02
Меруерт Өтекешованың 75 жылдығына арналған халықаралық театр фестивалі басталды
03.10.2026, 19:00
Digital Bridge: Астана технологиялық хабқа айналды
03.10.2026, 18:47