Қазақстанда коммуналдық қызметтер 4%-ға қымбаттады. Бұл туралы Finprom агенттігі хабарлады.
Биылғы қаңтарда тұрғын үй қызметтері, су, электр энергиясы, газ және басқа да отын түрлерінің тарифтері былтырғы қаңтармен салыстырғанда 3,8%-ға, ал бір ай ішінде 0,6%-ға қымбаттады.
Бір жылда сонымен қатар қоқыс шығару бірден 19,1%-ға, үйге қызмет көрсету және жөндеу қызметтері 6,3%-ға, электр энергиясы 5,2%-ға өсті. Су тарту және орталықтан жылыту қызметі сәйкесінше 1%-ға және 2%-ға арзандаған.
Еліміздің қалалары бойынша қоқыс шығарудың орташа тарифі жан басына 264 теңге болды. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 173,3 теңге еді. Ыстық су тарифі бір жылда 15,5%-ға қымбаттап, 1 текше метрі үшін 267,6 теңгеге жетті. Суық су 3%-ға өсіп, 1 текше метрі үшін 70,4 теңге болды. Тарату желілері арқылы жіберілетін табиғи газ бағасы 33,5%-ға өсіп, текше метріне 25 теңгені құрады. Сұйылтылған газ құны 5,3%-ға артып, келісіне 160,3 теңге болды.