Дональд Трамп пен Си Цзиньпин кездесті
Вашингтонда АҚШ президенті Дональд Трамп пен Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің үшкүндік саммиті басталды. Трамп Қытай лидерін әуежайға арнайы барып күтіп алған. Соңғы 11 жылда АҚШ президенті шетел лидерін әуежайда алғаш рет қарсы алып тұр. АҚШ әскери-әуе күштерінің оркестрі марш жасап, екі елдің тулары желбіреді. Бұл – Си Цзиньпиннің 2015 жылдан бергі Құрама Штаттарға алғашқы сапары. Қос лидер жабық кездесулер мен мемлекеттік кешкі асқа қатысып, жасанды интеллект, Ирандағы соғыс пен Тайвань жайын, сонымен бірге сауда келісімін ұзарту мәселелерін талқылайды. Соңғы мәліметтерге сай, Вашингтон мен Бейжің мерзімі қарашада аяқталатын сауда бітімін қаңтарға дейін ұзарту туралы келіскен.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04