AsiaCredit Bank салымшыларына төлем жасайтын банк тағайындалды
Жұмысын тоқтатқан AsiaCredit Bank-нің салымшыларына өтемақыны Еуразия банкі төлейтін болды. Депозиттерге кепілдік беру қоры қаржылық ұйымды агент банк ретінде белгіліп отыр. Депозиттегі немесе карточкалық шоттағы ақшасын қайтару үшін жеке және заңды тұлғалар осы айдың 24-інен бастап өтініш беруі керек. Оны Еуразиялық банктің кез-келген бөлімшесіне барып немесе ресми сайты арқылы онлайн толтыруға болады. Ақша өтінім қабылданған соң, 5 күн ішінде қайтарылады. Айта кетейік Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тура бір апта бұрын AsiaCredit Bank-ін лицензиясынан айырған болатын.
Әділ Өтембаев, «Депозиттерге кепілдік беру қорының» директоры:Өтемді алу үшін жеке куәлік қажет. Егер басқа адам өтініш беретін болса, онда мұрагерлік құқығы туралы куәлік немесе сенімхат қажет. Ал ақшаны кассадан немесе карточкаңыздың есеп шотын көрсетіп сонда аудартып алсаңыз болады.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Тұрғын үйді міндетті сақтандыру»: Талаптары қандай?
27.09.2026, 20:25
Халық кеңесіне қандай міндет жүктелді?
27.09.2026, 20:10
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында болған оқиғаға қатаң баға берді
27.09.2026, 20:05
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18