Ақмола облысында кен орнын заңсыз пайдаланған кәсіпорын анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында кен орнын заңсыз пайдаланған кәсіпорын анықталды

19.02.2021

Ақмола облысының Бурабай ауданында кен орнын заңсыз пайдаланған кәсіпорын анықталды. Серіктестік жалға алған карьерден тыс аумақта жұмыс жүргізген. Зауыт қиыршық тас, құм өңдеумен айналысқан. Мемлекетке келген шығым көлемі - 177 миллион теңге.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сондай-ақ, кәсіпорынға жалға алу келісім-шартын дұрыс орындамағаны үшін 80 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Жалпы, Ақмола облысы бойынша өткен жылы 14 карьерді пайдалану келісімшарты бұзылған.

Ғания Рахмедианова, Ақмола облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім басшысы:
Бізге бірнеше геодезиялық құрылғы қажет. Биыл сол жабдықтарды алу жоспарлап отырмыз. Бұл бізге кен орындарының қаншалықты игерілгенін анықтауға, өлшемдеу жасауға мүмкіндік береді. Сондықтан кен орындарын заңсыз пайдалануды анықтау бағытында қолданылатын шаралар күшейтілмек. Жұмыс жалғасады. 

Ермек Елберген

Хабарламаларға жазылу