Жамбыл облысында заңсыз алтын қазғандар ұсталды
Жамбыл облысында заңсыз алтын қазғандар ұсталды. 9 адамнан құралған топ арнайы цех жасап, сол жерде алтын кенін өндіріп келген.
Күдіктілер Мойынқұм ауданы Ақбақай ауылынан 20 шақырым жерде орналасқан «Қаракөз» жер учаскесінде алтын қазған. Олар кен қазуға арналған арнайы құрылғыларды пайдаланған. Қылмыстық топ өндірілген кенді Шу өзені аумағындағы цехқа тасымалдағаны анықталды. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Күдіктілердің кінәсі толық дәлелденсе, 3 жылдан 5 жылға дейінгі бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Құндыз Бөгенбаева, Полиция департаментінің ресми өкілі:
Тінту кезінде құрамында алтыны бар кенді өңдейтін заңсыз орнатылған 2 ұсақтағыш құрал мен құмды тазартуға арналған 2 аппарат, сондай-ақ 10 тонна көлемінде кен табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05