Ақтөбеде қарлы бораннан көлік қатынасы қиындады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде қарлы бораннан көлік қатынасы қиындады

18.02.2021

Ақтөбе ақ ұлпаға оранды. Кешелі бері боран соғып, жолдар жабылды. Табиғаттың тосын мінезіне қаланың коммуналдық мекемелері толық дайын болмай шықты.

Жақсыбек Кемал, тілші:
Кеше басталған қарлы боран әлі толық басыла қойған жоқ. Әсіресе, қаланың шеткері аумақтарындағы тұрғындарға қиын болып тұр. Өйткені коммуналдық мекемелер көшелерді тегіс тазартып үлгере алмай жатыр. Таңертең тіпті қоғамдық көліктің қатынасы қиындады. 
Бүгін көпқабатты үйлердің аулаларын да қар басып, көліктер шыға алмады. Әкімдік өкілдері кешелі бері негізгі көшелерді бірнеше мәрте тазартқанымызбен, қайта қар алып қалып жатыр дейді.

Қаланы қардан тазартуға 100-ден аса техника жұмылдырылған. Олар күні-түні тынымсыз жұмыс істеп жатыр. 

Хабарламаларға жазылу