Анкарада су тасып, көлік қатынасы қиындады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Анкарада су тасып, көлік қатынасы қиындады

21.05.2018

Түркия астанасы Анкараны қайта су басты. Үздіксіз жауған нөсерден қала көшелерінде тасқын жүріп, көлік қатынасы қиындаған.

Өткен тәулікте мұндағы бірқатар аудандарға бұршақ жауса, екінші бөлігін топан су жайлап, Венеция көшелерін еске салды.

Анкарада мамыр басталғалы күшті жауын соңы осымен екінші мәрте тасқынға ұласып отыр. Мамырдың 5-де бұл қаланы соңғы 5 ғасырдағы ең алапат тасқын жайлаған еді. 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу