Қарлы бораннан көлік қозғалысы тоқтады

25.02.2014
Қарлы бораннан көлік қозғалысы тоқтады
 
Еліміздің кей өңірінде боран күшейді. Соның салдарынан қазір республикалық маңызы бар бірқатар тас жолдардағы қозғалыс тоқтатылды.
 
Ақтөбе облысындағы «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» және Алматы облысындағы «Үшарал-Достық» күре жолында ақтүтек боран автокөліктердің адымын аштырмай тұр. Ал, «Сарыөзек-Көктал» трассасында тек жеңіл автомобильдерге жүруге рұқсат етілді.
 
Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысы аумағындағы «Екатеринбург-Алматы» тас жолының 687-729 шақырымы аралығында да көлік қозғалысына шектеу қойылды.
 
 
Шынар Асанқызы
 

Хабарламаларға жазылу