Былтыр мемлекеттік қызмет көрсету саласында 114 мыңнан астам заңбұзушылық болған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Былтыр мемлекеттік қызмет көрсету саласында 114 мыңнан астам заңбұзушылық болған

17.02.2021

Былтыр мемлекеттік қызмет көрсету саласында 114 мыңнан астам заң бұзушылық болған.

Олардың 80 пайыздан астамы халықтан қажет емес құжаттарды талап етуге қатысты. Соған байланысты 174 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Арасында екі облыс басшысы мен алты аудан әкімі бар. Ал Алматы қаласы бойынша орталық мемлекеттік органның қызметкері бір жылда 7 рет тәртіп бұзып, оған 2 миллион теңгеден астам айыппұл салынған.

Мұрат Байсалов, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департамент директорының орынбасары:
Анықталған бұзушылықтардың басым көпшілігі Цифрлық даму, Ішкі істер, Қаржы, Әділет министрліктеріне тиесілі. Жергілікті органдар бойынша Ақтөбе, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстары.

Амангелді Сейітхан


Хабарламаларға жазылу